top of page

ЖЕРІ БАЙДЫҢ ЕЛІ БАЙ

Әуелі тәңірі жерге береді,

Жерге берсе елге береді,

Елге берсе ерге береді.

 

"Барар жерің Балқан тау,

ол да біздің көрген тау".

 

Бидай қырда, күріш Сырда,

Жемістердің ғажабы Жетісуда.

 

ОТАН ОТБАСЫНАН БАСТАЛАДЫ

Алтын ұяң — Отан қымбат,

Құт-берекең — атаң қымбат,

Аймалайтын — анаң қымбат,

Асқар тауың — әкең қымбат (Қазыбек би).

 

Бұлбұл гүлзарын сүйеді,

Адал адам Отанын сүйеді.

 

Жауда қалған бұлбұлдан

Отанға қайтқан ит артық.

ЕҢБЕК-БАЙЛЫҚ,КӘСІП-НӘСІП ТУРАЛЫ

 

Мал жисаң қонысын тап,

Ас жисаң — ыдысын тап.

***

Кәсіп, кәсіп түбі — нәсіп.

***

Еңбегі аздың өнбегі аз.

***

Жатқанға жан жуымас,

Жалқауға мал құралмас.

Please reload

ОТАН,ТУҒАН ЖЕР,ЕЛ-ХАЛЫҚ ТУРАЛЫ

Орта жүзді қамшы беріп дауға қой,

Ұлы жүзді қауға бері малға қой,

Кіші жүзді найза беріп жауға қой.

***

Данышпай айтса, ел айтқаны,

Елдің қамын жеп айтқаны.

***

Кемеңгер кеңес таппай қоймас.

АДАЛДЫҚ,АДАМГЕРШІЛІК ТУРАЛЫ

Адалдық — ардың ісі.***Адалдық жүрген жерде, адамдық жүреді.***Құлан өз қағынан өзі жерімес.***Ала жіпті аттамағанңың абыройы биік.***Асылдың бірі — адалдық.***Арқанды ат қазығына оралар.***Жүз сом ақшаң болғанша,Жүз жолдасың болсын.***Жаман туғаның болғанша,Жақсы жолдасың болсын.***Досы көпті жау алмайды,Ақылы көпті дау алмайды.

АДАМНЫҢ ӨМІРІ ТУРАЛЫ

Есік алды төбе болса,

Ерттеп қойған атпен тең.

Ауылыңда қартың болса,

Жазып қойған хатпен тең.

***

Кәрісі кімнің бар болса,

Хаты соның қолында.

Please reload

bottom of page