
Сайт жайлы
Бұл сайтта сіздер өздеріңізге және жақындарыңызға арнап көптеген керекті ақпараттар таба аласыздар!Айта кетсек сайтта сіздер балаларға немесе оқушыларға керекті Қазақ халқының салт дәстүрі мен ертегілерін таба аласыздар және қазақша мультфильмдер тамашалап балаларыңыздың фото және видео файлдарын монтаждаумен қатар,достарыңызбен жақындарыңызды құттықтау үшін видео және анимациялық құттықтаулар жасата аласыздар!Сондай-ақ сіздер өз мақалаңызды сайтымызға жариялай аласыздар,және мектепке,бала-бақшаға слайд шоу немесе презентатцияларға тапсырыс бере аласыздар!
Соңғы енгізілген
материялдар
Aвтор: Қарақия ауданы, Мунайшы кенті, № 7 орта мектеп Аманшаева Ж.
Сабақтың тақырыбы: Қайсар рухты қазағым.
Сабақтың мақсаты:
А) Ата-бабамыздың тәуелсіздік жолындағы тарихына шолу жасай отырып, оқушылардың танымына ой түсіру.
Б)Оқушылардың Отан, туған жерге деген отаншылдық рухын
ояту сезімін қалыптастыру.
С)Ата-баба қорғаған тәуелсіздік туын биік көтеріп, аманатын
орындауға баулу.
Сабақтың көрнекілігі:
«Өткенсіз – бүгін, бүгінсіз - ертең тұл» стендісі,
«Қазақ елі», «Астана» бүктемелері, «Тәуелсіздік тұлғалары» суреттер топтамасы , қанатты сөздер т.б.
Сабақтың барысы:
1.Кіріспе.
2. «Жырмен жазған тарихын, қазақ деген халықтың – ұрпағымыз бүгінгі» арнау.
3. «Ғасырлар сыр шерткенде» қойылым-толғаулар
4. «Тарихи тұлғалармен таныс болайық» тұлғатанымдық сынақ.
5. «Ұрпаққа аманат» Ұмай Ана аманаты.
6.Қорытынды.
Мейірімділік сәулесі
Aвтор: Нұрдәулет Ақышев
Дүние асты-үстiне келген мұндай сұмдықты бұрын кiм көрген. Әсiресе бейбiт елдiң шыбындай қырылған адамдарын айтсаңшы. Басқыншы жау мынау әйел, мынау бала-шаға деп ешкiмдi аяған жоқ. Олар қыстақты қоршай бастаған кезде, менiң қожам ауланың бұрышында жатқан ескi ракетаны жөндеп, ұшуға әзiрледi. Бiрнеше көгершiндi ракетаға мiнгiзiп алып, аспанға ұшып шыққан. Бiрақ байқап қалған жау әскерлерi бiзге оқ жаудыра бастады. Аман құтылған жалғыз мен ғанамын. Бiрнеше көгершiн мен қожамыз қаза тапты. Майдан шебiнен ұзап шықтым да, ракетаны теңiз жағала-уына қондырдым. Жылап-сықтап жүрiп, достарымды сол араға жерлеген соң, бет ауған жағыма ұшып шықтым.
Оқушының бір күні
Aвтор: Қабыш Жаркенов
Әдемi айдар керек баланың бiреуi Отарбай болатын. Көптен берi ескерiлмедi ме, әлде қолайлы кезеңiне дәл келмедi ме, әйтеуiр ондай аттан аман жүретiн. Соның сәтi түсiп оқу жылының басында бiр құрбысынын аузынан байқаусыз «Отағасы» деген сөз шығып кетiп едi, сол-ақ екен, балалардың әдеттегi еркелетiп, еркiнсiтiп айтатын «Отар», «Отаржан» аттары жайына қалып, «Отағасы» болып жүре бердi. Бұл атау – үлкендердiң арасында, онда да егде адамға берiлетiн сыйлы ат. Олар көбiнше бiрiн-бiрi «Бәке, Сәке, Кәке» десiсiп үлкен тұтып, сыпайылап жатады, ал «Отағасы» аталудың жөнi бiр басқа. Сол сыйлы ат Отарбайды алтыншы класта-ақ тапты. Оны осылай атау – кездейсоқ емес, орнымен табылып қойылған атау секiлдi. Оның басқаларға ұқсай бермейтiн қызық мiнездерi көп. Жазбай-жаңылмай, қате жiбермей iстейтiн алуан түрлi жақсы әдеттерi баршылық. Соның бiрi таңертеңгi сағат жетiде тұруы. Бұл оның ес бiлгеннен бергi бойына сiңген, мүлде қалыптасып кеткен әдетi. Қыс болсын, жаз болсын, тiптi жек-сенбi болсын, мейлi, бұған бәрiбiр. Ақы берсең де жетi жарымға дейiн оны төсекте жатқыза алмайсың. Керiлiп-созылып, маужырап, есiнеп отыруды жаны жек көредi.
Сайт жаңалығы
Сайтымызда Ұсыныс пікір жазу беті ашылды.Бұл қызметті сайтымыздың тіркелушілері қолдана алады және сайт тіркелушісі өзінің ұсыныс пікірінде сайтымызда басқа қандай қызметтер болуын,музыкалар,мультфильмдер,ертегілер,әңгімелер тағы басқа материялдардың қосылуын өз ұсыныс пікірінде жаза алады.Біз міндетті түрде сайтымызға тауып Сайт жаңалықтары бетіне шығарамыз!

Суретті үлкейтіп көріңіздер!

Суретті үлкейтіп көріңіздер!
Әлем бала өміріне біртіндеп кіреді. Бала ең алдымен оны үйде, балабақшада не қоршап тұрғанын ұғынады. Біртіндеп өмірден алған тәжірибесі көбейеді. Мектеп жасына дейінгі балалар өзінің айналасындағы қоршаған ортамен танысуға өте құштар. Бұл баланың бірнеше сұрақтар қоюына әкеліп соғады. Яғни, балаға әлем аздап ғана сырын ашса, онда баланың білуге деген құштарлығы арта түседі.