top of page

Ұқсас атаулар жайлы жұмбақтар

Бiрi – ағаш кесу құралы,

Бiрi – шырынды бал бұлағы.   (Ара)

 

Бiрiнен кисең бөрiктi,

Бiрiнен тiгiп,

Киерсiң киiм көрiктi.   (Қамқа)

 

Санасаң,

Бiр үйде төртеуi бар.

Қаласаң,

Ауызды өртейтiн нәр.   (Бұрыш)

 

Жел соқса,

Жайқалып толқиды.

Ел оқыса,

Тұла бойың балқиды.   (Өлең)

 

Бiрi – ыдысқа керек,

Бiрi – жүрiске керек.   (Аяқ)

От пен жарық жайлы жұмбақтар

Күндiз жанбайды,

Түнде маздайды.   (Шырағдан)

 

Шеңбердiң үш тағанын,

Қаракөлдiң табанын.

Қызыл сиыр жалап тұр,

Терлеп, буы тарап тұр.   (Қазан; Жалын)

 

Қып-қызыл кезiнде,

Бет қаритын жапырақ,

Табы қайтқан кезiнде,

Сұп-сұр майда топырақ.   (Шоқ пен Күл)

 

Жүрген жерiн жалмайды,

Тастан басқа қалмайды.   (От)

 

Жердiң әрiн жейдi,

Жолда кезiккеннiң,

Аямай бәрiн жейдi.

Бұл қандай алпауыт?

Айта ғой, дәл тауып?   (Өрт)

 

Түсi нарттай,

Тiлiн тартпай.

Жолға шықса,

Қоймайды құртпай.   (От)

 

Қимылы оңдырмас,

Кiшкене қоңырбас.   (Сiрiңке)

 

Құйтымдай сандықтың,

Суырмасы толып тұр,

Қажеттi заты сан жұрттың.   (Сiрiңке)

 

Салып ем шыны сарайды,

Тiлiнен жарық тарайды.   (Шам)

 

Өңкешi кең,

Дәу аузымен жұтады.

Төбесi дөң,

Кiшi аузымен құртады.  (Пеш)

 

Шудалары желпеңдеп,

Үйден шығып жатады,

Көкке өрлейдi көлбендеп,

Бұлт болып батады.   (Түтiн)

 

Үй үстiнен

Көкке өрлеп шығады,

Әуе iшiнен,

Iз-тұз жоқ боп тынады.   (Түтiн)

 

Қабырғаға қасынар,

Былғауыш басы бар.   (Сiрiңке)

 

Құрама темiр,

Қолқабысы көп –

Ғұлама темiр.   (Робот)

 

Қызық iшек

Дөңгелек сайда жатыр.

Ақ шәйнек,

Бұрқылдап қайнап жатыр.   (Электр қыздырғышы)

 

Әуеде

Дәу қарынды үрдiм де,

Аузын байлап бүрдiм де,

Төмен қарай сүйредiм,

Ауада еркiн биледiм.    (Парашют)

 

Құмды жиған –

Тұмсығы диван.   (Экскаватор)

Кәсiби мамандық иелерi туралы жұмбақтар

Айдында жүзедi,

Тiрi күмiс сүзедi.   (Балықшы)

 

Алатаяқ ұстаған,

Жол тәртiбiн нұсқаған.

Өмiрiңдi күзеткен,

Ысқырығы күштi адам.   (Полиция қызметкері)

 

Өнерге тән жаратқан,

Көкiрегi кең аспан.

Барша жұртты қаратқан,

Бейнегер кiм тым асқан?  (Қылқалам шеберi)

 

Маңдайға жағып шырақты,

Лавалардан тұрақты.

Ағызып отын өзенiн,

Жылытқан кiм суретiн?   (Бейнегер)

 

Жасыл желек көгалда,

Бiрде артқа,

Бiрде алға,

Желаяқ көп бала,

Таласып жүр бiр шарға.  (Футболшылар)

 

Өңкей сығай екi топта,

Таласып жүр бiр допқа.   (Футболшылар)

 

Жолының көп азабы,

Сондадағы тынбайды.

Жаңалықты жазады,

Көпшiлiктi тыңдайды.   (Журналист)

 

Кең байтақ туған жерiме,

Кетпесiн деп жат iз өтiп.

Тыныштық тiлеп елiме,

Отанды кiм тұр күзетiп?   (Жауынгер)

 

Арқан байлап белiне,

Шымырлықпен бекiне.

Өрмелейтiн қай өрен,

Шыңның шырқау шегiне?  (Альпинист)

 

Шың басына өрмелеп,

Күнге ұмтылар дөңгелек.   (Альпинист)

 

Айлар бойы жүзедi,

Жердi көрмей жүредi.

Ақ жал таумен алысқан,

Адамды кiм бiледi?  (Теңiзшi)

 

Төл өсiрiп момақан,

Уыз iшкен қоймалжың,

Бiлсең айтшы, балақан,

Еңбегi зейнет кай малшы?   (Қойшы)

 

Тұлғалы кең иығы,

Мұнара оның тұрағы.

Маң далада бұйығы,

Сөнбей жанса шырағы,

Жер астының сұйығы

Фонтан болып шығады.  (Мұнайшы)

 

Ол жетсе ауылға,

Самсар жұлдыз торабы,

Нұр шашып тұрады.  (Электршi)

 

Күмiс қанат, сұңқары,

Көкке еркiн сүңгидi.

Бұлттан да тым әрi,

Кеткен жанды кiм дейдi?   (Ұшқыш)

 

Өрнектеп, сәндеп,

Тiгiстерiн бүгетiн.

Солпысын жөндеп,

Кiм көйлек тiгедi?   (Тiгiншi)

 

Қалпағы ақ қарасаң,

Дәрiгер емес, бiрақ ол.

Дәм мәзiрiн қаласаң,

Алға ұсынып тұрады ол.  (Аспаз)

 

Топырақтың құнарын,

Дәл тауып құрамын,

Қай жерде қай дақыл,

Өнiм берер бай дақыл,

Зерттеп дәйiм жүретiн,

Кiм бәрiн бiлетiн?   (Агроном)

 

Көрiнбейдi өзi,

Естiледi сөзi.  (Радио дикторы)

 

Жалтылдап қалағы,

Салатын кiм қаланы?   (Кiрпiш қалаушы)

 

Қараңғыны қақ жарып,

Жүрген кiм шам жағып?  (Монтер)

 

Бал татыған мәзiр,

Ол бар жерде әзiр.   (Аспаз)

 

Өскен шашты жаратпайтын,

Қайшысы бар жалақтайтын.  (Шаштараз)

 

Оның тiккен бұйымы,

Аяғыңды қаптайды,

Шыға қалса жұлымы,

Әдемiлеп баптайды.   (Етiкшi)

 

Ортасында сан халық,

Белдескенде жан салып.

Жерге тимей жотасы,

Атанған күш атасы,

Айбаттыны кiм дейдi,

Қайраттыны кiм дейдi?  (Балуан)

 

Көкке ұшқан шарықтап,

Шаңырақтың бауынан.

Ұстап үстем қалықтап.   (Парашютист)

 

Дабылға тез жететiн,

Жалынға сүңгiп кететiн.

Қақалса да түтiнге,

Тайсалмайтын батыл кiм,

Жасқанбайтын батыр кiм?  (Өрт сөндiрушi)

 

Құрып қойып өрмегiн,

Ұршықтарын ойнатып.

Сәндi мата өрнегiн,

Жасайтын кiм жайнатып?   (Тоқымашы)

 

Ұзын-ұзын жолдар бар,

Үйрек қонар көлдер бар.

Ат үстiнде шокиып,

Отыратын күндер бар.   (Өрмек тоқушы)

 

Отан үшiн жан берiп,

Жоғалтқанмен ол атын.

Жүрегi бар мәңгiлiк,

Халықпен бiрге соғатын.  (Белгiсiз солдат)

 

Екi шекпен күмбiрлеп,

Көңiл сазын сапырады,

Тұлпар шабыс дұмбiрлеп,

Желпiндiрiп отырады.   (Күйшi)

Please reload

Жұмбақтар

Оқу-бiлiм және оның құралдары туралы жұмбақтар

Бiлiмнен мол сый-асы,

Балғындардың ұясы.    (Мектеп)

 

Ақыл-ойдың шырағы,

Зәулiм көктей шынары.

Биiгiне бойлаған,

Қанбайды адам құмары.  (Бiлiм)

 

Бiлiмнiң жол басшысы,

Шәкiрттiң қолбасшысы.  (Мұғалiм)

 

Шәкiртке жанашыр,

Мейiрман кiм, жаны асыл?   (Ұстаз)

 

Бiлiмнiң дәнiн тередi,

Балаға тәлiм бередi.   (Ұстаз)

 

Ұшымен қазық

Тор көздi жазық.

Үстiне өттiм,

Асыл сөз жазып.   (Дәптер)

 

Кiшкене құдықтан,

Найза ұшты шыбығым,

Су iшiп құныққан.    (Сиясауыт)

 

Қабы сояу,

Дiнi – бояу.    (Қарындаш)

 

Қысқа таяқ дiңi бар,

Шиырлаған iзiнде

Сайрап тұрар тiлi бар.   (Қарындаш)

 

Ойларынды аңсаған,

Асыл сөздi ақ алаңға,

Түсiруден шаршаған,

Мен емеспiн әмәнда.   (Қалам)

 

Тiл жоқ өзiнде,

Сөзi бар iзiнде.   (Қаламсап)

 

Бар ойынды жиямын,

Ақ қағазға құямын.   (Сия)

 

Сағат сайын қағылады,

Тек мектептен табылады.   (Қоңырау)

 

Күмiс алмұрт тiлi бар,

Сыңғырлаған үнi бар.

Шақыратын бiлiмге,

Сағаты бар, күнi бар.   (Қоңырау)

 

Денесi бар шыбықтан,

Темiр тұмсық құдықтан,

Сусын алып iшедi,

Ойы iз боп түседi.   (Қаламсап)

 

Бөлiнгендi табыстырып,

Бiрiктiрсе қабыстырып.

Жымдастырған жiгiт де,

Байқамайсың түгiн де.   (Желiм)

 

Жұқа тақтай бөлшегi,

Ұзындықтың өлшемi.   (Сызғыш)

 

Бiр санға өсiрдi,

Өзi қалып орнында,

Бiздi алға көшiрдi.   (Класс)

 

Доп сынды келбетi,

Онда бар түп-түгел,

Әлемнiң әлпетi.    (Глобус)

 

Оқу-бiлiм аспабы,

Қоймасының бас қабы.

Бөлмесi де бiрнешеу,

Тиегi бар ашпалы.   (Сөмке)

 

Көкқұтанша ақ айдында,

Бiр аяқпен тұрады.

Тұмсығымен ол мұнда,

Шыр айналып шығады.   (Циркуль)

 

Бiрiн-бiрi қоштаған,

Бiр үйден көрдiм,

Қырық екi дос-жаран.   (42 әрiп)

 

Елдерi мен қаласы,

Ойпаты мен даласы.

Теп-тегiс тақтай-ды,

Өзенi де ақпайды,

Тоғайы мен тауы бар,

Бұл не, өзiң тауып ал.   (Карта)

 

Қаласы бар, елi жоқ,

Даласы бар, шөбi жоқ.

Мұхиты бар, суы жоқ,

Орманы бар, нуы жоқ.

Шыңдары да теп-тегiс,

Кең жазықтан әр түстi,

Шығыс пенен батысты –

Бар әлемдi табасың,

Өзiң таң боп қаласың!   (Географиялық карта)

 

Бiр санға өсiрдi,

Өзi қалып орнында,

Бiздi алға көшiрдi.   (Класс)

 

Доп сынды келбетi,

Онда бар түп-түгел,

Әлемнiң әлпетi.    (Глобус)

 

Оқу-бiлiм аспабы,

Қоймасының бас қабы.

Бөлмесi де бiрнешеу,

Тиегi бар ашпалы.   (Сөмке)

 

Қырық екi жауынгер,

Сапын түзеп тұрады.

Бұлдiршiндер

Қауымды ел,

Сырын терең ұғады.  (Алфавит)

 

Бiлiм менен тәлiм,

Парақты ашқанда

Беттерiнен мәлiм.   (Күнделiк)

 

Оқушыға күнде ерiп,

Жүретiн не?   (Күнделiк)

 

Кепкен жарғақ,

Шеңберге керiлген,

Соқсаң сарнап,

Үн шығады төгiлген.   (Барабан)

 

Былғанышты жақтырмайды,

Ол бар жерде дақ тұрмайды.

Бiрақ тағы өз үстiнен,

Таза бiр жер таптырмайды.    (Сорғыш)

 

Әңгiме, аңыз, ертегi,

Нотасы мен әнi бар.

Суретiн де көр тегi,

Қандай журнал бәрi бар?   («Балдырған»)

 

Үстiнде есiгi,

Өзi орындық, әрi үстел,

Оқушылар бесiгi.    (Парта)

 

Iлулi тұр кең алаң,

Керегiмдi мен одан.

Жазып алам көшiрiп,

Сүртем сосын өшiрiп.   (Тақта)

 

Оқуыма төрешi,

Тоқуыма төрешi.

Парақтасам байқалар.

Бiлiмiмнiң өресi,

Онда және жазылған,

Кестем де бар келесi.   (Күнделiк)

 

Иiр-иiр құбыр,

Үрлесең бұлбұл.   (Керней)

 

Төрт қырлы, өзi аппақ,

Тақтадағы iзi аппақ.   (Бор)

 

Кең алаң – тақырдан,

Шиырлап қайтады.

Ақ қант қатырған.    (Бор)

 

Сансыз ойлар бетiнде,

Сайрап жатыр бар тiлде.

Қажетпiн мен әр күнде,

Өшпейдi бiр әрпiм де.    (Қағаз)

 

Қабат-қабат қатталған,

Асыл сөзбен апталған.

Парағы бар сөйлейтiн,

Ол қазына өлмейтiн.    (Кiтап)

 

Бар бiлiмнiң бастауы,

Бар ғылымның бастауы.

Жас балаға нұр шашқан,

Қандай кiтап тiл ашқан?    (Әлiппе)

 

Шәкiрт кездегi,

Бiлiмнiң безбенi.   (Баға)

 

Басында аздың ақылы,

Селқостардың жақыны.   (Бiрлiк)

 

Жалқаумен бiр жүретiн,

Құдды қармақ iлетiн.

Жоламайды зерекке,

Сабақтарын бiлетiн.   (Екiлiк)

 

Жалғас жатқан қос шеңбер,

Бұйiрiнде қақпасы.

Көрсең де оны дос сендер,

Жақсы, жаман ортасы.    (Үштiк)

 

Жақсыменен тең көрген,

Ата-ана да жөн көрген.

Орындықпын төңкерген.   (Төрттiк)

 

Мектептiң алтын орағы,

Зейiндiлер одағы.

Жақсы көрер бар бала,

Зерекке дос ол дағы.     (Бестiк)

 

Ойды аяқтап қорытады,

Соңында доп тұрады.    (Сөйлем)

 

Сөздi құрап, доп тiземiн,

Қоя салсаң бiр тары,

Жаңалықты жеткiземiн.   (Хабарлы сөйлем)

 

Ойды аяқтап орақ тұрады,

Жауап сөз қалап тұрады.   (Сұраулы сөйлем)

 

Ұранды, шаттықты,

Өкiнiш, аптықты,

Бiлдiрiп ойын талайдың,

Шарға ине қадаймын.     (Лептi сөйлем)

Жан-жануарлар жайлы жұмбақтар

Басына өскен тарбиып,

Жапырақсыз бұтағы.

Алады одан қан құйып.

Емге шипа бұл дағы.  (Бұғы)

 

Жапырақ жоқ бұтасында,

Қос емен өсiп тұр бiр басында.  (Бұғы)

 

Төбесiнде қу бұтақ,

Алар екен кiм бұтап.  (Бұғы)

 

Мүйiзiнен таралған,

Жанға шипа дәрi алған. (Марал)

 

Есек емес,

Жылқы емес.

Екеуiнiң ұқсастығы

Бередi тұрқы елес.  (Құлан)

 

Тұрқы, түрi

Жылқы тектес жалы бар,

Шөп жеп түрлi,

Түзде өскен жануар.  (Құлан)

 

Пысқырғыш не?

Ысқырғыш не?  (Құлан мен жылан)

 

Жақпар тастың өркешiне,

Секiредi құламай.

Қия құздың өр төсiне,

Орғып шығар ол оңай.   (Арқар)

 

Тау көтерген төрт қазық.  (Төрт аяқ)

 

Жез бейнелi өзi,

Кең дала еркесi,

Мөп-мөлдiр көзi.  (Киiк)

 

Айбарлы сұсы бар,

Қанжардай тiсi бар.

Тұла бойында

Тасыған күшi бар,

Күжiрейген жалды,

Бiлсең айт бұл аңды?  (Арыстан)

 

Түлкi ұқсас тұрқы,

Бiр тоймайтын құлқы,

Андитыны тастан,

Құс пен тышқан.  (Қабылан)

 

Мойыны тұтасқан,

Аузы апан.

Жоны жалпақ,

Бұты талтақ.   (Бегемот)

 

Тiк жардай түстi,

Шұбатылған

Тұмсығы күштi.

Таситын жүктi,

Бұл қандай мықты?  (Пiл)

 

Қаймықпайды күштi аңнан,

Қорқады тек тышқаннан.   (Пiл)

 

Түрi жылқы бейнесi,

Жолақ-жолақ жейдесi.   (Зебр)

 

Қара ала тоны бар,

Аңдардың ол краны.

Оны сен де танып ал,

Серейiп кеп тұрады.  (Жираф)

 

Мойыны сорайған,

Сирағы серейген.

Теңбiл шұбар терiсi,

Шөлдегi аңның iрiсi.

Жонында жалы бар,

Бұл қандай жануар?  (Жираф)

 

Иiр мүйiз,

Сүйiр мүйiз,

Ай қабақты,

Май бұғақты,

Тұла бойы

Бұқа мойын,

Бұл қандай түлiк,

Сен де оны ал бiлiп?   (Қошқар)

 

Иiр-иiр денесi,

Сахараның кемесi,

Ащы шөптер тамағы,

Шөлге шыдап бағады.   (Түйе)

 

Көрiп тұрар бар ауыл,

Бiр тауда қос қарауыл. (Түйе өркешi)

 

Ұқсап тұрған жақшаға,

Төбеде өскен шақша ма?  (Iрi қара мүйiзi)

 

Желемiк күнгi толқындай,

Бұйрасы бар,

Төл тоны.

Бағалайды алтындай,

Киiм тiгiп, ел де оны.  (Қаракөл елтiрiсi)

 

Жыртылмай-ақ тоны,

Жамапты оны.

Бiр жерi қара ала,

Бiр жерi сары ала,

Тiгiлмеген бiрақ,

Бұл қандай құрақ?   (Шұбар мал терiсi)

 

Тастан-тасқа секiредi,

Қалқиып қос құлағы,

Ойын болып көкiрегi,

Аула оның тұрағы.   (Лақ)

 

Бұтақтарға секiрiп,

Әр жерден қылт етедi.

Кейде жаңғақ кемiрiп,

Жоғары өрлеп кетедi.  (Ақтиiн)

 

Бұтақтардан бұтаққа,

Орғиды да қарғиды.

Кейде салар бұлтаққа,

Құйрығымен әрқилы,

Қос құлағы делдиiп,

Тыныштықты бағады,

Жемiн тауып жейдi үйiп,

Домалатып шағады.   (Тиiн)

 

Шырша саясы – күркесi,

Өзi орман еркесi.

Қарғып жүрер жан-жаққа,

Өте құмар жаңғаққа.   (Тиiн)

 

Сайқымазақ қулығы бар,

Барған жерде ұрлығы бар.

Бұл қандай аң?

Ұғып ал.   (Түлкi)

 

Қырда жүрер ол жортып,

Iнi де жоқ бармайтын.

Құйрығымен бұлтартып,

Қандай аң ол алдайтын?    (Түлкi)

 

Жылқыны қарына қыстырып,

Тұйенi ернiне қыстырып,

Есектi құлағына қыстырып

Қасқырды ат қып мiнiп,

«Әйт!» дегенде жүре берген.   (Қоян)

 

Сылдырдан қорқады,

Шошынып жортады.  (Қоян)

 

Жылқы тұмсық,

Ешкi құйрық,

Есек құлақ,

Түйе ерiндi,

Төрт аяғы тең емес,

Бiрi ұзын,

Бiрi қысқа,

Қорқақ өзi,

Қыли көзi.    (Қоян)

 

Қорыққанда жел аяқ,

Отырғанда томардай-ақ.   (Қоян)

 

Ерiншектi,

Емiншектi,

Аямайды,

Қаламайды,

Шағады.

Мұны кiм табады?   (Ара)

 

Жаздай жатпай,

Қырдағы гүлдi аралар,

Өзi де татпай,

Жинар гүл шырынын,

Тисең оған құрыдың,

Аямай шағып жаралар.   (Ара)

 

Гүлдiң нәрiн жинайды,

Адамға бал сыйлайды,

Ұнатады бiрлiктi,

Қоғамдасқан тiрлiктi.

Еңбекқорды аялайды,

Ерiншектi аямайды.   (Ара)

 

Тұт ағашын өрмелеп,

Жейтiн дәмi жапырақ,

Сiлекейiн кермелеп,

Мата тоқыр жалтырақ.  (Жiбек құрты)

 

Қалдырмай баласын бiр елi,

Қалтаға салып-ап жүредi.   (Кенгуру)

 

Топырақпен көң астын,

Қопарып ем.

Жыбырлаған кен аштым.   (Жауын құрт)

 

Шөп iшiнде жүредi,

Шақса уын жаяды.

Зиянын қойлар бiледi,

Кұйсетiп жеп қояды.   (Қарақұрт)

 

Қанды сорып сүлiктей,

Ызыңдап кеп шағады,

Бұл қандай бүлiк дой?   (Сона)

 

Тастан салған үйi бар,

Көшiп жүрер асықпай,

Қыста ұйықтап бұйығар,

Тамақ iздеп, ашықпай.    (Тасбақа)

 

Сұм жүздi,

Құралай көздi,

Киiкше секiрген,

Бура санды,

Жолбарыс тонды.    (Құрбақа)

 

Қоңырқай жүнi бар,

Төрiсi өте бағалы

Аязды күнi жылынар,

Киiм тiккен жағалы.    (Жанат)

 

Ызындап ән салып,

Жұп-жұқа қанаты.

Тәттiге тамсанып,

Қоқысқа қонады.    (Шыбын)

 

Ерiксе,

Құйрығымен ойнайды.

Зерiксе,

Ұйқыға бiр тоймайды.   (Мысық)

 

Денесiне қапталған,

Сырты түбiт тоны бар.

Дыбыссыз кiрiп-шығады,

Бұкiрейген жоны бар.    (Мысық)

 

Мұртын сипап күн бойы,

Бетiн сусыз жуады.

Тысырды аңдып түн бойы,

Тышқанды көп қуады.     (Мысық)

 

Адамға серiк,

Күзетке берiк.   (Ит)

 

Табанынан тыз етiп,

Жүрсе дағы сыз өтiп.

Күнi-түнi ерiнбей,

Үйдi жүрер күзетiп.   (Ит)

 

Сұрғылт тартқан түсi бар.

Ақсиған көп тiсi бар

Тыным таппай жүгiрiп,

Сiлекейi шұбырған,

Қыстау маңын ториды,

Ауылдыұң өш бар итi.    (Қасқыр)

 

Төрт түлiктiң рэкетi,

Түзде жүрер көк серi.    (Қасқыр)

 

Борық iздеп iшiнен,

Қара жердi

Беткейдi

Қопарады тiсiмен,

Бiрақ егiн екпейдi.   (Қабан)

 

Жер қопарған тiсiмен,

Сескенесiң түсiнен.   (Қабан)

 

Тастамайды бiр елi,

Үйiн сүйреп жүредi.   (Тасбақа)

 

Құжынаған жұмыскер

Бiрлескенде тым iскер.  (Құмырсқа)

 

Үстi толы ине,

Бiрақта, iс тiгiп,

Қадамайды түйме.  (Кiрпi)

 

Ешбiр бұйым тiкпеген,

Үстi толған көк тебен.  (Кiрпi)

 

Тұмсығынан торайдың,

Тұмсығы бар аумаған.

Үстiн түгел орайтын,

Тоны ине қаулаған.    (Кiрпi)

 

Жұдырықтай тұрқы,

Ошағанға ұқсас сырты.

Бұл не?   (Кiрпi)

 

Денесi буылтық,

Сырты жасыл түк.    (Жұлдыз құрты)

 

Тор тоқуға шебер-ақ,

Бiрақ киiм тiкпейдi.

Өнерi де өнер-ақ,

Бiрақ iсi бiтпейдi.    (Өрмекшi)

 

Шақылдап ашықта,

Тiк тұрар қазықтай,

Жем iздеп жортады,

Тысырдан қорқады

Iнiн кеп сағалар,

Зып етiп жоғалар.   (Саршұнақ)

 

Құм жолад жортады,

Тұрса жеп қияқты,

Сыбызғы тартатын,

Музыкант сияқты.   (Суыр)

 

Иiр-иiр үйi бар,

Iшi қапас әрi тар,

Құлақ тоссаң

Ызыңдаған үнi бар,

Бұл не, бiлiп ал.    (Ұлу)

 

Қарақұрым нөпiрi,

Егiн, шөптiұң жебiрi.   (Шегiртке)

 

Лақ емес енесiн еметiн,

Бiрақта емшекке кiм төнетiн.  (Ешкiемер)

 

Шөл даланы мекендеп,

Жүгiредi секендеп.

Құйрығы ұзын шашақты,

Аяғы көп саусақты,

Түнде iздеп керегiн,

Iнге жинар қорегiн.     (Қосаяқ)

 

Бар дауысымен тақылдап,

Шалшық көлдi мақтайды.

Өзiн-өзi мақұлдап,

Бiрiн-бiрi жақтайды.

Тәулiк бойы бақылдап,

Мезгiлiмен жатпайды.   (Бақа)

 

Таңдайлары тақылдап,

Шулайтын кiм шалшықта.

Бiрiн-бiрi мақұлдап?    (Бақа)

 

Сабы жоқ қамшы,

Ешкiмге ұсынба,

Уы бар бiр тамшы,

Тiлiнiң ұшында.   (Жылан)

 

Сумаңдаған тiлi бар,

Бґраңдаған iзi бар.

Тiл ұшында уы бар,

Ол не?

Бiлiп ал!     (Жылан)

 

Жол үстiнде егiз өрiм,

Қамшы жатыр сегiз өрiм.   (Жылан)

 

Үй iшiн аралап,

Түнде көп жортады.

Қаптарды жарып,

Мысықтан қорқады.   (Тышқан)

 

Ойлайсың,

Көрсең түйме деп,

Тұмсығын тығып қадалып,

Шағады бадалып,

Ақыры өлер тоқтықтан,

Жан берер оған соқтыққан.   (Кене)

Оқушыларға арналған жұмбақтар

(Шешулері оң жақтан солға қарай жазылған)

 

1. 

Сіз түрлі түсті қарындашпен 

Барлық сүреттерді бояңыз. 

Содан кейін оларды түзеу үшін 

Өте ...........қажет етіледі. 

(шігрішө) 

 

 

2. 

Мен бар дүниені мүсіндеуге әзірмін - 

Үй, машина, екі мысықты. 

Мен бүгін -әміршімін 

Менде бар... 

(нилитсалп) 

 

 

3. 

Мен үлкенмін, мен оқушымын! 

Ранцымда менің... 

(кіледнүк) 

 

 

4. 

Мен оқулық стартқа дайынмын, 

Мен отырамын жақында... 

(ағатрап) 

 

 

5. 

Бұрыштармен квадраттарды саламын 

Мен .......сабағындамын 

(акитаметам) 

 

6. 

Әрбір оқушы түсінеді, 

Маған керегі............. 

(ытшырұбшұ шығзыс) 

 

 

7. 

Тура сызықты ал, 

Өзің салып көрші! 

Бұл өте қиын ғылым, кәнекей! 

Бұған керек....... 

(шығзыс) 

 

 

8. 

Мен қорапқа ұқсаймын, 

Қаламды маған саласын. 

Оқушы сен мені таныдың, ба? 

Әрине , менің атым-............ 

(ланеп) 

 

 

9. 

Корабль, солдат, 

Паровоз, машина, шпаганы желімде. 

Ал мүмкін балалар, сендерге көмектеседі, 

Түрлі түсті... 

(зағақ)

Please reload

bottom of page