top of page

Аю тұрды ақырып

Аю тұрды ақырып,

Тышқанға тым жігерлі.

Тышқан оны қатырып,

Лақтырып кеп жіберді.

Үйрек жегіп арбамды көлге айдадым .

Үйрек жегіп арбамды көлге айдадым,

Қасқыр алып, көңілді торғайларым.

Шапаным мен Тымағым жанжалда сып,

Тіл алғыза алмадым, ойбайладым.

Кәдімгі Кірпі жер үшін

Кәдімгі Кірпі жер үшін

Талайларды састырған.

Қуып жетіп терісін

Сыпырып алды қасқырдан.

Please reload

Алыстағы Марсқа, .

Алыстағы Марсқа,

Бақа қашып кетіпті.

Тасбақамен жарыста,

Қоян зорға жетіпті.

Кәдімгі Кірпі жер үшін

Кәдімгі Кірпі жер үшін

Талайларды састырған.

Қуып жетіп терісін

Сыпырып алды қасқырдан.

Please reload

Басқа өтірік болса да .

Басқа өтірік болса да,

Осым рас, ағалар.

Жылдар өтті қаншама,

Әлі орнында тұр олар.

Көк жүзіне түнерген,

(Келгенде бір ашуым).

Менің шашып жіберген

Үркер - жеті асығым.

Құстай ұшып түрлі елдің

Құстай ұшып түрлі елдің

Құстарымен таныстым.

Суын ішіп бір көлдің,

Барыспенен жарыстым.

Please reload

Мың жыл жасап байқағам, .

Мың жыл жасап байқағам,

(Бұл ғажапты білдің бе).

Төрт жасқа кеп қайтадан,

Бала болдым бір күнде.

«Мен ауырмын» деп

«Мен ауырмын» деп
Бүрге, «Ауырмын» деп Маса да,
Дау созылып көп күнге,
Болды үлкен мәселе.

Таластан соң екеуі
Таразыға тартылды.
Масадан сонда Бүргенің
Мың келісі артылды.

Please reload

Жұмысымда жүр едім,

Жұмысымда жүр едім,

Қонаққа Бақа шақырды.

Көлге келсем су беріп,

Аш қалдырды, қатырды!

Таңға жуық шамамен ,

Таңға жуық шамамен,

Ерте тұрып қарап ем,

Қара күшік жоқ еді...

Көктен түсіп келеді.

Бір күні ірі Арыстан

Бір күні ірі Арыстан,

Кешірім сұрады Балықтан.

Балық мұны кешірмей,

Жұлып алды қайықтан.

Please reload

Өтірік өлеңдер
bottom of page