9 жасар Қазақстандық қыз – шахматтан үш дүркін әлем чемпионы
Қазақстандық оқушылар гректің Халкидикиінде өткен шахматтан әлем біріншілігінде бір алтын, бір күміс және бір қола медаль еншілеп қайтты. Бұл туралы Vesti.kz спорт порталы хабарлайды.
Әлем чемпионы болып тоғыз жасар Бибісара Асаубаева танылды. Ол тоғыз тур нәтижесінде 8,5 ұпай жинап, жақын маңдағы индонезиялық қарсыласынан жарты балға оза шықты. Оған дейін Асаубаева Румыния мен Бразилияда өткен әлем біріншіліктерінде топ жарған еді.
Үлкендер арасынан күмісті әлем чемпионатына тұңғыш рет қатысқан Әмина Қайырбекова еншіледі. Ол түрікмен қызы Багүл Эзизовадан екі ұпайға қалып қойған. Алтыннан алқа тағынған Багүл болса тоғыз партияның барлығында да жеңіске жеткен екен.
Қола медальды он бес жасар ойыншылар арасынан Жанат Сайын жеңіп алды. Бұл топта әлем чемпионы болып әзірбайжандық спортшы Зейнали Мирадил танылды. Ол жарыс қорытындысы бойынша 7,5 ұпайға ие болған. Екінші орынды түрік Санал Вахап иеленді.
Сіз білмейтін қызықар!
1.Страус жұмыртқасын суға пісіріп жеу үшін 4 сағат қажет екен.
2.Американдықтардың 49% нанның бидайдан жасалатынын білмейді екен.
3.1 жылда 31 557 600 секунд.
4.Ватикан Жердің айналатынын тек 1992 жылы мойындаған.
5.Мұнайдың 1 тамшысы 25 литр суды ішіуге жарамсыз қылады.
6.Күніне 2 ші Дүниежүзілік соғыстың 1000 ға жуық ардагері өмірден өтеді екен.
7.Наполеон мысықтардан қорқатын болған.
8. Адам өмірінің 2 апта уақытын бағдаршамды күтуге жібереді екен.
9.Көбелектер дәмді аяғымен сезеді.
10.Альберт Эйнштейн ешқашан аяғына шұлық кимеген.
11.Жердің салмағы 6,600,000,000,000,000,000,000 тонна.
12.Windows – та «Con» деген атпен файл құра алмайсыз.
13.«ОК» сөзі әлемдегі ең жиі айтылатын сөз.
14.Әлемде өмір сүріп жатқан адамдардың әрбір жетіншісі – қытайлық
15.Тышқандар ірімшікті ұнатпайды екен.
16.Хьюстон қаласы (Техас штаты) батпаққа салынған.
17.«YouTube» дегі барлық видеоны қарап шығу үшін 1000 жылға жуық уақыт керек екен.
Әлемнің ең кедей президенті - әлемнің ең қайырымды адамы
Уругвайдың президенті Хосе Мухиканы замандастары "әлемнің ең кедей президенті" деп санайды.
77 жастағы Мухика президенттік айлығының бәрін түгелдей дерлік қайырымдылық шараларға аударып тұрады. Және осынысы үшін әлемнің ең кедей президенті (немесе ең қайырымды) болып саналмақ.
Ай сайын алатын 12 500 доллардың 1 250 долларын ғана қалтасына қалдырып, қалғанын өзі тиісті деп санаған орындарға жібереді. "Өзіме алып қалған осы қаржы мөлшері тұрмыс-тіршілігіме жетеді," - дей келе, - Маған жетуі тиіс. Себебі, уругвайлықтардың тауып жатқан табысы мұнан да аз" - деп айтады екен.
Президенттің сенаторлық лауазымда жүрген әйелі де жарты айлығын қайырымдылыққа жұмсайтын болып шықты. Қазіргі таңда ерлі-зайыптылар "Монтевидео" фермасында тіршілік сүріп жатыр. Және осы уақытқа дейін алып көрген ең қымбат дүниесі яки көлігі бар-жоғы 1 945 доллар тұрады. Көлік аты - «Фольксваген Жук».
Мухакидің бірде-бір банкте есепшоты жоқ және қарыз да емес көрінеді. Ең қызығы сол, ол "Мануэл" дейтін итімен сырласқанды жақсы көреді екен.
Атадан балаға жалғасып, ұрпақтан-ұрпаққа ұласып келе жатқан ізгі дәстүр, тамаша салттарымыздың бірі – ат қою үрдісі. Дана қазақ сәбиге ат қоюға ерекше мән берген. Тіпті осы ат қою дәстүрінен халықтың наным-түсінігін, салт-санасын, арман-мүддесін, эстетикалық талғамын анық байқауға болады. Және уақыт, заман талабына сай, есім талғау, таңдау реті өзгеріп отыратындығы тағы бар. Мәселен, осыдан бірнеше ғасыр бұрын Абылай, Есім, Керей, Ахмет, Ыбырай, Жылқыбай, Қойшыбай сынды есімдер жиі қойылатын болса, бүгінде бұл үрдіс біршама өзгерген. Сөзіміз дәлелді болу үшін total.kz сайтына сілтеме жасай отырып, 2013 жылдың ақпан-наурыз айларында ең көп қойылған есімдердің тізімін ұсынып көрмекпіз.
Қазақстан Республикасының статистика агенттігі ең көп таралған ұл балалардың есімдерін былай деп көрсетеді:
1.Ерасыл 2.Әлихан 3.Санжар 4.Нұрислам 5.Нұрасыл 6.Мирас 7.Артем 8.Арсен 9.Диас 10.Әмір 11.Руслан 12.Алдияр
Агенттік көрсеткіші бойынша қазақстандық ата-аналар өздерінің қыздарына мынадай есімдерді өте көп таңдаған екен
1.Айзере 2.Айару 3.Інжу 4.Кәусар 5.Аяулым 6.Іңкәр 7.Сезім 8.Диана 9.Аяла 10.Нұрай 11.Алина 12.Сабина
Еліміздегі ең танымал есімдер
The Guardian-ның мәлімдеуінше, Еуропадағы ең аз қозғалатын ұлттардың қатарында ағылшын, мальта, серб халықтары көш бастап тұр екен.
Бүгінгі таңда Ұлыбритания халқының 63,3%-ы, Мальта халқының 68,3%-ы және Сербия халқының 71,9%-ы әлеует арттыратын және денсаулық үшін аса пайдалы болып саналатын физикалық белсенділікпен айналыспайды. Бұл дегеніміз, аптасына үш рет 1 сағат ұзақтықта дене шынықтырумен айналысу түгілі, күніне 30 минут жаяу жүрудің өзіне ерінеді деген сөз.
Керісінше, Еуропадағы өте белсенді ұлттарға гректер (16%), Эстония (17%) мен Нидерланды (18%) халқы жатады. Сонымен қатар, АҚШ-тағы белсенді емес халықтар үлесі 41%-ды, ал Канадада 34%-ды құрап отыр.
Сіз білесіз бе, қозғалыссыз өмір сүрудің 10% жағдайында жүрек қан тамыры ауруы, диабет, ішек және сүт безінің қатерлі ісігі сияқты ауруларға шалдығуға болады. Дерек бойынша, 2008 жылы 58 миллионнан 5,3 миллион адам қозғалыссыз өмір сүріп, аталған ауру түрлерінен қаза тапқан.
Аз қозғалыс ауруға шалдықтырады
Балам зерек те қағылез болсын дейсіз бе? Онда көбірек уақыт шығарып, балаңызбен әңгімелесе біліңіз. Бұл сәбиге деген әмбебап жаттығу, ол балалардың есту, көру, жарық сезу, түйсігін тітіркендіріп, ақыл-ойының жетілуін тездетеді.
АҚШ-тағы бір зерттеу нәтижесіне сүйенсек, ата-анасы балаларының тоғыз айдан үш жас аралығындағы кезінде олармен көбірек әңгімелессе, балалар есейгенде анағұрлым зерек болады екен. Осы түрді зерттеуші барлық отбасының отағасылары балаларын қауіп-қатер, әуре-сарсаңнан сақтауға бірдей немесе қарайлас құлшыныс жасайтынын, алайда, балалармен сабырлылықпен әңгімелесу, олардың сұрағына мұқият жауап қайтару және өзара түсінісу жағында, зиялылардың отбасы мен әдеттегі жұмысшылардың отбасындағы айырмашылықтар бар екенін атап көрсеткен. Ғылыми зерттеу нәтижесі бойынша, 42 отбасының баласына екі жарым жыл тексеру жүргізгенде, зиялы отбасындағы ата-аналардың балаларымен әңгімелесу рет саны әдеттегі жұмысшы отбасындағы ата-аналардың балаларымен әңгімелесу рет санынан екі есе, кедей отбасындағы ата-аналардың балаларымен әңгімелесу рет санынан төрт есе жоғары болатынын байқаған. Міне, бұл түрліше отбасында есейген балалардың оқуға түскеннен кейін, зеректігі мен оқу үлгерімінде айта қалсын айырмашылықтың пайда болуындағы басты себептердің бірі.
Енді бар жақтан, ата-анасы балаларымен үнемі мейірімділікпен әңгімелескенде ғана, балаларының көңіліндегі бүккен сырын біліп, олардың тұрмыстағы бас қатырған істерін дер кезінде шеше алады. Сонымен бірге, әңгімелесу барысында балаларына күткен үміттерін бүкпесіз айтуына орай туады.
Баланың біртіндеп есейіп-ержетуі мен сананың өсуіне байланысты, ата-анасы балаларымен әңгімелесу арқылы олардың психологиялық қимылы мен төңіректегі істерге деген көзқарасын дер кезінде біліп және меңгеріп, сол арқылы олардың қате-дұрысты парықтау көзқарасын, қоғамға деген жауапкерлік сезімін, дұрыс құн көзқарасын және жоғары рухани күйді қалыптастыруға жетекшілік етеді. Міне, осылайша олардың сәби немесе күңгірт көзқарасы күндердің жылжуымен біртіндеп өзгеріп, ақаусыз өсіп-жетіледі. Балалармен әңгімелесудің өзі бір түрлі пікір алмастыру екенін, оған белгілі уақыт, тең тұрғыдағы бейне, сабырлы позиция қажетті шарт екенін ұмытпаңыз.
Балалармен әңгімелесе біліңіз

Қазақтың байырғы өлшемдері
Уақыт өлшемдері
Уақыт ғасырмен, жылмен, аймен және аптамен өлшенеді.
Апта – «жеті» деген сөзді білдіреді
Жеті күнді санау
1. Бүгін
2. Ертең
3. Бүрсігүні
4. Арғы күні
5. Қасиетті күн
6. Соңғы күн
7. Азына
Түнеугүні – бірнеше күн бұрын.
Аптада жеті күннің бесеуінің аты «сенбі» сөзінің алдына парсының 1, 2, 3, 4, 5 сияқты реттік сан есімдерін қою арқылы жасалған.
Олар мыналар:
ЖЕКсенбі – бірінші сенбі
ДҮйсенбі – екінші сенбі
СЕЙсенбі – үшінші сенбі
СӘРсенбі – төртінші сенбі
БЕЙсенбі – бесінші сенбі
Ай аттары
1.Наурыз – хамал – март
2.Көкек – сәуір – апрель
3.Мамыр – зауза – май
4.Маусым – саратан – июнь
5.Шілде - әсет – июль
6.Тамыз –сүмбіле – август
7.Қырқүйек – мизан – сентябрь
8.Қазан – ақрап – октябрь
9.Қараша – қауыз – ноябрь
10. Желтоқсан – жәди – декабрь
11. Қаңтар – дәлу – январь
12. Ақпан – хұт – февраль
Шілде
1.Жазғы шілде – 26 маусым мен 5 тамыз аралығы
2.Қысқы шілде – 27 желтоқсан мен 6 ақпан
Жыл аттары
1 – жыл – Тышқан жылы 2 – жыл Сиыр жылы 3 – жыл Барыс жылы 4 – жыл Қоян жылы 5 – жыл Ұлу жылы 6 – жыл Жылан жылы 7 – жыл Жылқы жылы 8 – жыл Қой жылы 9 – жыл Мешін жылы 10 – жыл Тауық жылы 11 – жыл Ит жылы 12 – жыл – Доңыз жылы |
1972 1973 1974 1975 1976 1977 1978 1979 1980 1981 1982 1983 |
1984 1985 1986 1987 1988 1989 1990 1991 1992 1993 1994 1995 |
1996 1997 1998 1999 2000 2001 2002 2003 2004 2005 2006 2007 |
Жыл санау
1. Биыл – осы жылы
2. Былтырғы (өткен) жылы – 1 жыл бұрын
3. Бұрнағы (мұрнағы) жылы – 2 жыл бұрын
4. Одан арғы жылы – 3 жыл бұрын
5. Бұрынғы жылдары – 4 жылдан бұрынғы жылдары.
Жылдардың ретін еске сақтаудың оңай әдісі
Түйе сеніп бойына,
Қалған ұмыт жылдардан.
Жатпа қарап, мойыма,
Тойма именіп ділмардан.
*Осы шумақтағы әрбір сөз жыл санауда қолданылып жүрген жануарлардың алғашқы әрпінен басталады.
Мүшел жас
1 – мүшел 13 жас (ер жете бастау)
2 – мүшел – 25 жас (жігіттік шақ)
3 – мүшел 37 жас (ақыл тоқтау)
4 – мүшел – 49 (орта жас)
5 – мүшел – 61 жас (орта жас)
6 – мүшел – 73 жас (қарттық)
7 – мүшел 85 жас (кәрілік)
8 – мүшел 97 жас (қалжырау)
9 – мүшел – 109 жас (шөпшек сүю)
10 – мүшел 121 жас (немен сүю)
Жыл мезгілдерінің атаулары
1. Жазғұтыры – наурыз, көкек, мамыр айлары
2. Жаз – маусым, шілде, тамыз айлары
3. Күз – қырқүйек, қазан, қараша айлары
4. Қыс – желтоқсан, қаңтар, ақпан айлары.
Астың пісуіне байланысты уақыт өлшемдері
1. Ас пісірім. 2-3 сағаттық мезгілді білдіретін өлшем.
2. Ет асым. 2-3 сағат шамасындағы мезгіл өлшемі.
3. Ет пісірім. Асқан ет пісетіндей уақыт
4. Ет қайнатым. Қазанға салған ет қайнатымдай мерзім
5. Қайнам: қазан қайнам. Қазанның қайнау уақытының өлшемі
6. Сүт пісірім. Өте қысқа мерзімді білдіретін өлшем
Азық-түлікке қатысты өлшемдер
1. Бір асым (ет)
2. Бір елі (қазы)
3. Бір жапырақ (ет, нан)
4. Бір жұтым (қымыз, сүт)
5. Бір тұтам (қазы)
6. Бір ұрттам (қымыз, ет)
7. Бір уыс (бидай, тары)
8. Бір үгім (тұз)
9. Бір үзім (нан)
10. Бір шөкім (тұз)
11. Бір шымшым (тұз)
12. Жұдырық (ет, қазы)
13. Қайнатым: бір қайнатым (шай)
14. Салым: бір салым (тұз, шай)
15. Турам (ет, нан)
Тәулік мезгілдерінің атаулары
1. Күн шығар алдыңдағы мезгіл атаулары – бұл мезгілді таң немесе таңертең деп атайды.
2. Алагеуім, алатөбе, алаң – ғұлан, алаң – елең – таңертеңгі мезгілде айналаның әлі жарықтанбай, сәл ғана бозғылт тартқан кезі.
3. Құланиек, құлан сәрі – таң жаңа сыз беріп ата бастаған кез.
4. Таң сәрі – жерге жарық түсе бастаған кез.
Күн көкжиектен көтерілген мезгіл атаулары
Бұл мезгілді сәске деп атайды.
1. Сиыр сәске – күн арқан бойы көтерілген кез.
2. Сәске түс – түске жарқындаған мезгіл, сағат 12 шамасы.
3. Ұлы сәске – тал түске жақыңдаған мезгіл.
Саусақпен өлшенетін ұзындық (қалыңдық) өлшемдері
1. Елі – саусақтың көлденең қалыңдығы, ені
2. Тұтам – бес саусақпен тұтқандағы көлемге шамалас, 5 – еліге тең ұзындық өлшем.
3. Сүйем – бас бармақ пен сұқ саусақ аралығымен өлшенетін өлшем.
4. Сынық сүйем – сұқ саусақтың буыны бүгіліп барып белгіленетін өлшем. Бір сүйемнің ¾ бөлігі.
5. Қарыс сүйем – бас бармақ пен орта саусақтың аралық мөлшері.
6. Сере – сұқ саусақ пен шынашақтың кере созылған арасы. Бір сүйем ұзындыққа тең өлшем.
7. Қарыс – бас бармақ пен шынашақтың аралық мөлшері.
8. Кере қарыс – бас бармақ пен шынашақтың кере созылғандағы аралық мөлшері. Кейде жарты қарыс деп те атайды.
Қолмен өлшенетін ұзындық өлшемдері
1. Білем – саусақтың ұшы мен қолдың бірінші буынының аралығы.
2. Шынтақ – қолдың бас пен шынтақ аралығы.
3. Қолтық – қолдың басы мен қолтықтың аралығы. Кез деп те атайды.
4. Құлаш – иық деңгейінде созылған екі қол ұшының арасы.
5. Кере (сала) құлаш – иық деңгейінде кере созылған екі қол ұшының арасы.
Аяқпен өлшенетін ұзындық өлшемдері
Табан – Аяқтың өкшесі мен башпайдың ұшының аралығы
Адым (қадам) – Жүру кезіндегі екі аяқтың аралық қашықтығы
Аттам – Екі аяқты кере созғаңдағы қашықтық.
Саусақпен өлшенетін сыйымдылық өлшемдері
1. Шымшым – Ұсақ затты бас бармақ және сұқ саусақпен қысып алғандағы өлшем.
2. Шөкім – Ұсақ затты үш саусақтың ұшымен қысып алғандағы өлшем.
3. Бір уыс – Қос саусақтарын жұмдастыра бүккендегі өлшем.
4. Қос уыс – Қос қолдың саусақтарын бірге жымдастыра, бүккендегі өлшем.
Бұйымдарға байланысты ұзындық өлшемдері
№ |
Өлшемі |
Түсінік |
1 |
Көген бойы |
Көгеннің ұзындығы |
2 |
Көген тастам |
Көген бойы, жақын |
3 |
Қазық бойы |
Қазықтың ұзындығы |
4 |
Найза бойы |
Найза ұзындығымен шамалас келетін халықтық өлшем |
5 |
Оқ бойы |
Тым таяу, оқ жетер мөлшеріндегі қашықтық |
6 |
Тізгін бойы |
Тым қысқа бір метр шамасында |
Қашықтық өлшемдері
Өте жақын деген мағынада айтылытын қашықтық өлшемдері
1. Аттам (бір аттам) жер
2. Бөрік тастам жер.
3. Иек артпа жер.
4. Қозы көген жер.
5. Қол (құлаш) созым жер.
6. Қырық қадам.
7. Тас лақтырым жер.
8. Таяқ тастам жер.
9. Сідік шаптырым жер.
Жақын деген мағынада айтылатын
қашықтық өлшемдері
1. Ат жетер жер.
2. Ат шаптырым жер.
3. Аяқ жетер жер.
4. Әудем жер.
5. Қозы көш жер.
6. Құнан шаптырым жер.
7. Тай шаптырым жер.
8. Сәскелік жер.
9. Талай жер.
Өте алыс деген мағынада айтылатын
қашықтық өлшемдері
1. Айшылық жер.
2. Ит өлген жер.
3. Қырық күншілік жер.
Тереңдік өлшемдері
Адам бойына байланысты тереңдік өлшемдер.
1. Тобыққа дейін.
2. Тізе бойы.
3. Белуар (белбуар) бойы.
4. Кіндік бойы.
5. Кісі бойы.