top of page

Алтын бала

Aвтор: Сағындық Тұрдалиев

Зәукенге кейiме, келiн! Ол азамат болады. Оны кешiктiрген мен едiм. Үш-төрт күннен берi радиомыз сөйлемей қалған. Бала-шағаға «сендер бүлдiрдiңдер» деп кейiп жатыр едiм. Зәукен жетiп келдi. «Радионың ұстасы қайда?» деп сұрадым. Ол: «Мен жөндеймiн» дедi. «Қой, бұзып аласың» деп сенбеп едiм, ол радионы айналдыра қарады да: «Жөндеуге болады, ата. Мен осыны жөндейтiн үйiрмеге қатысамын» дедi. Рационың қобдиын ашып көрдi. Жiңiшке қызыл сымды бiр бұрандаға қосып бекiтiп едi, радиом саңқылдай жөнелдi. Ой, азамат екен өзi!..

Мейірімділік сәулесі

Aвтор: Нұрдәулет Ақышев

Дүние асты-үстiне келген мұндай сұмдықты бұрын кiм көрген. Әсiресе бейбiт елдiң шыбындай қырылған адамдарын айтсаңшы. Басқыншы жау мынау әйел, мынау бала-шаға деп ешкiмдi аяған жоқ. Олар қыстақты қоршай бастаған кезде, менiң қожам ауланың бұрышында жатқан ескi ракетаны жөндеп, ұшуға әзiрледi. Бiрнеше көгершiндi ракетаға мiнгiзiп алып, аспанға ұшып шыққан. Бiрақ байқап қалған жау әскерлерi бiзге оқ жаудыра бастады. Аман құтылған жалғыз мен ғанамын. Бiрнеше көгершiн мен қожамыз қаза тапты. Майдан шебiнен ұзап шықтым да, ракетаны теңiз жағала-уына қондырдым. Жылап-сықтап жүрiп, достарымды сол араға жерлеген соң, бет ауған жағыма ұшып шықтым.

Оқушының бір күні

Aвтор: Қабыш Жаркенов

Әдемi айдар керек баланың бiреуi Отарбай болатын. Көптен берi ескерiлмедi ме, әлде қолайлы кезеңiне дәл келмедi ме, әйтеуiр ондай аттан аман жүретiн. Соның сәтi түсiп оқу жылының басында бiр құрбысынын аузынан байқаусыз «Отағасы» деген сөз шығып кетiп едi, сол-ақ екен, балалардың әдеттегi еркелетiп, еркiнсiтiп айтатын «Отар», «Отаржан» аттары жайына қалып, «Отағасы» болып жүре бердi. Бұл атау – үлкендердiң арасында, онда да егде адамға берiлетiн сыйлы ат. Олар көбiнше бiрiн-бiрi «Бәке, Сәке, Кәке» десiсiп үлкен тұтып, сыпайылап жатады, ал «Отағасы» аталудың жөнi бiр басқа. Сол сыйлы ат Отарбайды алтыншы класта-ақ тапты. Оны осылай атау – кездейсоқ емес, орнымен табылып қойылған атау секiлдi. Оның басқаларға ұқсай бермейтiн қызық мiнездерi көп. Жазбай-жаңылмай, қате жiбермей iстейтiн алуан түрлi жақсы әдеттерi баршылық. Соның бiрi таңертеңгi сағат жетiде тұруы. Бұл оның ес бiлгеннен бергi бойына сiңген, мүлде қалыптасып кеткен әдетi. Қыс болсын, жаз болсын, тiптi жек-сенбi болсын, мейлi, бұған бәрiбiр. Ақы берсең де жетi жарымға дейiн оны төсекте жатқыза алмайсың. Керiлiп-созылып, маужырап, есiнеп отыруды жаны жек көредi.

Please reload

Оқушының бір күні

Aвтор: Қабыш ЖАРКЕНОВ

Су астындағы көпір

Aвтор: Оспанхан ӘУБӘКIРОВ

Жабақ оқитын мектеп көршi ауылда едi. Өз аулындағы мектептi баланың саны жетпейдi деп биылша жауып қойған. Аты бары ат мiнiп, жаяуы екi аяғын мiнiп, есегi бары есегiн мiнiп қатынайтын мектепке. Биыл қар қалың түсiп, көктем көл-көсiр су боп кеттi емес пе?! Екi арада өзен бар едi (Бұл өзеннiң ертедi суы болған, суында балығы да болған деседi). Осы өзен көктемде ғана су көрiп, өктем боп, содан ала жазда «аузы» құрғап, аяқ астында жататын. Дегенмен ауыл ағалары көктемнiң кейбiр тентек қылықтарын ескерiп, үстiнен көпiрсымақ жасап қойған. «Шолақ сай тез тасиды» дегендей, биыл әлгi өзен ауыздығымен алысып, сөзге келмей кеттi. Елде: «Көпiрдi алып кететiн болды-ау» деген үрей-үркiн әңгiме боп жатқанын оқушылар да естiп жүрген.

Бай мен жарлы баласы

Aвтор: Ыбырай Алтынсарин

Күн сәскеге шейiн жүрiп отырып, сәскеде сүрлеу бiр қатаң шоқаттау жерге түсiп көрiнбей кеттi. Балалар ендi қай жаққа жүрерiн бiлмей дағдарып тұрды. Сөйтiп, жан-жағына қарап тұрса, iлгергi алдында бiр биiк қыр үстiнде, үлкен мола көрiндi. Сонда Үсеннiң ойына әкесiнiң сөзi түстi: далада жүрiп адассаң, молалы жерде су болады, сулы жерде ел болады дейдi екен. Сол ақыл бойынша Үсен Асанды ертiп, молаға қарай жүрдi. Молаға жақындап келгенде, қаңқылдаған қаздың даусы шықты. Үсен ендi бiлдi жақын жерде көл бар екенiн, оның үшiн қаз сусыз жердi мекен етпейдi. Келiп екеуi ендi молалы қырға шықты, қараса, қырдың жығылар асты үлкен көл екен, көлдiң айналасы да, iшi де жыңылдаған мал; жағасындағы жiбектей жапырылған көкорай қора-қора қой мен жылқы, жылқының бiр парасы көл iшiне кiрiп, белiнен құраққа кiрiп тұр, ендi бiр жақ жағасындағы сортаңда бiр топ түйе жатыр. Бұларды көрiп, балалар қырдан түсiп, жүгiрiп малға келдi. Келсе өз ауылдарының малы екен. Малшылар Асан, Үсендi көрiп, олар да қуанып, бiреуi әке-шешелерiнен сүйiншi сұраймыз деп шауып кеттi, өзгелерi балаларды атқа мiнгiзiп, ауылға алып жүрдi. Жолда келе жатып малшылар айтты:

Please reload

bottom of page