top of page

Адалдық — ардың ісі.

***

Адалдық жүрген жерде, адамдық жүреді.

***

Құлан өз қағынан өзі жерімес.

***

Ала жіпті аттамағанңың абыройы биік

.***

Асылдың бірі — адалдық

.***

Арқанды ат қазығына оралар.

***

Жүз сом ақшаң болғанша,Жүз жолдасың болсын.

***

Жаман туғаның болғанша,Жақсы жолдасың болсын.

***

Досы көпті жау алмайды,Ақылы көпті дау алмайды.

***

Жолдастың мыңын алма, бірін ал

***

Дос бергенінің түсіне қарама.

***

Досың ауырса, ыңқылда.

***

Дос досқа жалынса,Достың көңілі алынады.

***

Дос, досқа зыянкер емес,Зыянкер болса, дос емес.

***

Соймасымды соямын,Сүйгенімнің көңілі үшін.

***

Жолдас, жолдасқа қиянат еткен оңбас.

***

Ескі дос келгенде,Жаңа достың көзінен жас шығады.

***

Жолдасыңның жоғын қарас:Табылса жоғына жақсы,Табылмаса көңіліне жақсы.

***

Кісімен дос болма, дос болсаң,Қимасына көңіл салма.

***

Доспен дос болғанға шаттан,Дұшпанмен дос болғаннан сақтан.

***

Досқа келсең босқа келме.

***

Тәуір көрген досыңа,Тәуір көрген малың бер.Көре-көре сүйінсін;Жаман көреген досыңа,Жаман көрген малың бер,Көре-көре күйінсін.

Адалдық,адамгершілік туралы
bottom of page